Бригада генералы Деһқан: Иран кез келген қашықтыққа қолданылатын әртүрлі зымыран өндіре алады
Иранның Қорғаныс және қарулы күштерді қолдау министрі Иран ислам республикасының кез келген қашықтыққа қолданылатын, нысанаға дәл тиетін қуатты зымыран өндіре алатынын айтты.
Иран телерадио ұйымы ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иранның Қорғаныс министрі бригада генералы сардар Хосейн Деһқан жексенбі күні Теһранда ұшақтың тұңғыш «Turbojet» моторының тұсауын кесу рәсімінде сөйлеген сөзінде: "Иран зымырандық салада діттеген мақсатына қол жеткізіп, оның басқару жүйелерін көп қырлы етті. Иран ислам республикасының навигация жүйелері де нысананы көздеу және оның дәлдігін жоғарылататындай жобаланған. Қанатты зымырандар саласында да жақсы қадамдар жасалып, Иран зымырандарының қолданыс қашықтығы үш есеге ұлғайды. «Turbojet» ұлттық моторын жасауды аяқтап, Иран осындай әуе моторларына деген тәуелділіктен арылды. Иран ислам республикасы осындай моторларды жобалап, жасайтын технологияға ие сегіз мемлекеттің қатарына кірді" деді.