Мәскеу Түркияға қарсы қарар жобасын ұсыну ықтималдығын хабарлады
БҰҰ-дағы Ресейдің тұрақты өкілі осы ұйымның Қауіпсіздік кеңесіне Түркияға қарсы қарар жобасының ұсынылуы ықтимал деп санайды.
ISNA ақпарат агенттігінің сейсенбі күнгі таңертең хабарлауы бойынша, БҰҰ-дағы Ресейдің тұрақты өкілі Виталий Чуркин «Russia Today» телеарнасына берген сұхбатында: «Егер Түркия Сирия жеріндегі күрдтерге қарсы шабуылдарды тоқтатпаса, Ресей Түркияның әрекеттері жөнінде БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне тағы да қарар жіберуге мәжбүр болады»,-деді.
Чуркин, сондай-ақ, Ресей мен АҚШ-тың Сирия дағдарысын шешу және атысты тоқтату бітімін орнату туралы келісіміне тоқталып: «Басталғанына бес жылдай уақыт болған соғыста бірінші рет Қауіпсіздік кеңесі тарапынан расталған халықаралық қауымдастықтың ортақ ұстанымы бекітілді.
Сирияда дағдарысты шешудің жолы қиын болмақ, өйткені әртүрлі ойыншылар ілгерілеу жолы турасында әрқилы ойға ие. Барлығы бұл мәселенің тез арада шешілуін қалайды. Алайда ілгерілеу қозғалысының басталғандығы және Ресей мен АҚШ-тың ортақ негізде әрекет ететіндігінің өзі маңызды. Сондықтан мен осындай бірегей мүмкіндікті уыстан шығарып алмайтынымызға үміттенемін»,-деп мәлімдеді.