Раввиндер басқосуы алдында Бакуге ескерту; еврей қайраткерлері Израильді бойкоттауға шақырады
ParsToday - Түркияның «Ватан» партиясының басшысы раввиндердің Бакудегі кездесуін айыптап, Әзірбайжанның АҚШ пен сионистік режимді жақтауына қарсы ескерту жасады.
Саяси сарапшылардың пікірінше, Бакуде еврей раввиндерінің басқосуын өткізу – «Ибрахим келісімін» кеңейту және сионистік режимнің ислам әлеміндегі қатысуын қалыпқа келтіруге бағытталған айқын әрекет; бұл қауіпті аймақтық салдарға әкеп соқтыратын исламға қарсы қадам. Отырыс 2025 жылдың 4-6 қарашасы аралығында Әзірбайжанның астанасы Бакуде жүздеген еуропалық раввиндердің қатысуымен өтеді деп жоспарлануда. ParsToday-дің IQNA агенттігіне сілтеме жасап хабарлауынша, Түркияның Патриоттық партиясының басшысы Догу Перинчек Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиевке ресми хат жолдап, Бакуде «Еуропалық раввиндер кездесуінің» өтуіне реакция білдіріп, оны АҚШ пен сионистік режимнің мүдделеріне сай келетін әрекет деп сипаттады.
Хатта Перинчек «мұндай басқосуды басқа мұсылман немесе түркі елінде өткізудің ешқандай прецеденті жоқ» екенін атап өтті және бұл әрекет «аймақтық елдер мен Батыс Азия мен Кавказдағы көршілерге қауіп төндіруі мүмкін» деп ескертті. Ол сондай-ақ бұл отырыстың өткізілуін тарихтағы дақ деп атады.
Түрік саясаткері Әлиевті аймақтағы елдердің тәуелсіздігін, қауіпсіздігін және болашағын ескере отырып, отырысты болдырмау туралы шешім қабылдауға және Әзірбайжан Республикасының Батыс саясатының жолына түсуіне жол бермеуге шақырды.
Танымал еврей қайраткерлері Израильге бойкот жариялауға шақырды
Сонымен қатар, әлемнің түкпір-түкпірінен жүздеген көрнекті еврей қайраткерлері Израильге қарсы бойкот жариялауға шақырды. Әлемнің түкпір-түкпірінің 450-ден астам көрнекті еврей қайраткерлері, соның ішінде бұрынғы Израиль шенеуніктері, «Оскар» сыйлығының иегерлері, жазушылар мен зиялы қауым өкілдері Біріккен Ұлттар Ұйымына және әлем көшбасшыларына Газадағы геноцидке байланысты Израильге қарсы бойкот жариялауға шақырған хат жазды. Хатта әлем көшбасшылары Халықаралық Сот пен Халықаралық Қылмыстық Соттың шешімдерін құрметтеуге, Израильге қару беруден бас тартуға және нысаналы санкциялар салуға, Газаға жеткілікті гуманитарлық көмек көрсетуге және бейбітшілік пен әділеттілік белсенділерінің антисемитизм туралы жалған айыптауларына қарсы тұруға шақырылады.