Там 24, 2016 21:30 Asia/Almaty
  • Түркия армиясы Сирияның Джераблус қаласында ДАИШ- тің тұрғыларына қарсы шабуылдар жасады

Түркия үкімет басшысының бюросы осы ел армиясы күштерінің Американың қолдауына ие болып отырған коалициялық күштермен бірге Сирияның бір шекаралық қаласын тәкфирлік- сионистік топтың шеңгелінен шығару үшін амалдарды бастағанын хабарлады.

«Анадолы» үкіметтік ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, осы амалдар жергілікті уақытпен таңғы сағат төртте Түркия армиясының Сириядағы құзыры жария болғаннан бірнеше сағаттан кейін басталған. Амалдарда алдымен Түркия армиясының артиллериялық бөлімшелері Джераблус шекаралық қаласын нысанаға алған. Содан кейін осы елдің ұшақтары аталмыш қаладағы ДАИШ- тің бекіністерін бомбалаған.

Түркияның іс- қимылдары АҚШ президентінің орынбасары Джо Байденнің сұхбаттасу, соның ішінде Сириядағы өзгерістер туралы пікірлесу үшін Анкараға келер алдында басталды.

 

Тегтер