Теһран жұма намазының құтпалары
Теһран жұма намазының құтпагері өткен бес жылдағы қарсыласу қозғалысының табандылығы Сирияның заңды үкіметінің құлауының алдын алды деп есептейді.
Теһран жұма намазының құтпагері Казем Седдиқи үстемшіл елдер мен сионистердің Сириядағы үкіметті алмастыру үшін жасаған жан-жақты талпынысын еске алып: «Қарсыласудың күш-қуаты артуда. Жақында аймақта тәкфирлік қатер жойылады»,-деп мәлімдеді.
Теһран жұма намазының құтпагері бала өлтіргіш Сауд әулеті режимінің Йемендегі қылмыстары мен жазықсыз халықты қырып-жою әрекетінің жалғасып жатқанын айтып: «Сауд Арабиясы Йеменді жан-жақты бомбалап, оның инфрақұрылымдарын қиратқанымен өзінің ешбір мақсатына қол жеткізе алмады»,-деді.
Казем Седдиқи Йеменде саяси кеңестің құрылуын басқыншылармен қарсыласу жолының жалғасы деп атап: «Жақын арада Йеменнің заңды үкіметі тәуелсіздік алып, Сауд Арабиясы мен оның демеушілері өз істерінің сазайын тартады»,-деп үміт білдірді.
Седдиқи Иран үкіметіне елді дамыту және халықтың қиындықтарын шешу үшін жасап жатқан талпыныстарына алғыс білдіріп, Иранның шүкіршіл халқына қызмет етуді Ислам республикасы қайраткерлері үшін қолайлы мұрсат деп атады.