Рухани: Аймақтағы лаңкестіктің тамыры – АҚШ әрекеттерінің салдары
ИИР Президенті: «Аймақта лаңкестіктің пайда болуы мен таралуы АҚШ-тың Ирак пен Ауғанстанда жүргізген соғысы мен Сириядағы дағдарыстан бастау алды»,-деді.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, ИИР Президенті Хасан Рухани сенбі күні кешке Теһранда Қасиетті қорғаныс жылдарындағы мемлекет қайраткерлерінің отырысында: «Егер АҚШ-тың Ауғанстан мен Иракқа басқыншылығы мен Сирияда дағдарыс туындауға арандатушылығы болмағанда, лаңкестік аймақта осынша таралмас еді. «Аймақта осынша қылмыс пен қантөгіс жасаған ДАИШ атты лаңкестердің тамыры аймаққа жасалған басқыншылықтардан бастау алады. Лаңкестікпен күрес халықаралық әріптестік аясында атқарылуы тиіс»,-деді.
Рухани Ауғанстан мен Ирактағы соғыстарға тоқталып: «Егер әл-Каида Кеңес одағының Ауғанстанға шабуылы салдарынан туындаса, аймақтағы лаңкестік АҚШ-тың Ауғанстан жеріне басып кіру себебінен жалғасып жатыр»,-деді.
Ол: «Соғыстар әлемдік деңгейде қиратушы әсерге ие. Алайда халықты басқыншылардан азат ету үшін қорғану бір елдің ұлттық қарсыласуы, жанпидалығы, табандылығы мен күш-қуатына негіз бола алады»,-деді