Иран күніне 400 000 баррель мұнай өнімдерін экспорттайды
Иран Мұнай министрінің мұнай өнімдері және тазарту істері жөніндегі орынбасары Иранның күніне 400 000 баррель мұнай өнімдерін экспорттайтынын хабарлады.
ИРНА-ның мәліметі бойынша, Иранның Мұнай министрінің орынбасары Аббас Каземи жексенбі күні «Үкімет апталығына» байланысты өткен ақпарат отырысында: «Иран қазіргі кезде күніне 400 000 баррель мұнай өнімдерін экспорттайды. Бұл мөлшерді 500 000 баррельге арттыратын мүмкіндік бар. Иранның оңтүстігіндегі порттарды жабдықтап, экспорт инфрақұрылымын өзгертіп, мұнай өнімдерінің экспортын 600 000 баррельге арттыруға болады. Тазарту жобаларын іске асырып, алдағы 9 жылда Иран 1 500 000 баррель мұнай экспорттай алатын болады. Тазарту жобаларының іске асырылуымен Иранның тазарту мүмкіндігі осы кездегі 1 850 000 баррельден 3 200 000 баррельге жетеді»,- деп мәлімдеді.