Лариджани: Иранда ядролық ғылым сақталып, санкциялардың күші жойылды
(last modified Tue, 23 Feb 2016 16:18:45 GMT )
Ақп 23, 2016 22:18 Asia/Almaty
  • Лариджани: Иранда ядролық ғылым сақталып, санкциялардың күші жойылды

Иран ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы "Ислам республикасының жүйесі ядролық мәселені осы ғылымды елде сақтап, санкциялардың күшін жою арқылы шешті. Бұл тақырып Иран тарихында қалады" деді.

ИРНА-ның хабарлауынша, Иран ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани дүйсенбі күні кешке Теһранның оңтүстігінде орналасқан Құм қаласында: «Ядролық келіссөздер ислам революциясының мәртебелі жетекшісінің парасаттылығы және басшылардың күш салуымен санкциялардың күшінің жойылуына және ядролық ғылымның Иранда сақталуына ұласты» деді.

Әли Лариджани діни жетекшіге бағынуды ислам революциясы жеңісінің жетістіктері деп атап: «Діни жетекшіге бағыну ислам революциясының жолын тегістеп, көптеген қиындықтардың шешімін жеңілдетті» деді.

Иран мәжілісінің төрағасы сондай- ақ Иран халқының ауызбіршілікпен қиындықтарға қарсы тұра алғанын қуаттап: «Ақпан айының 26- сы күні өтетін Ислам кеңесінің мәжілісі мен Эксперттер мәжілісі сайлауларына түрлі көзқарасқа ие кісілердің қатысуы Иранның болашағын белгілеуге әсерін тигізеді» деді.