Салехи Иранда екі атом электр стансасының салынатынын хабарлады
Иран Атом қуаты ұйымының басшысы Иранның оңтүстігіндегі Бушерде 10 қыркүйекте екі атом электр стансасының құрылысы басталатынын хабарлады.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Әлиакбар Салехи АЭС-тер салынған соң Иранда жылына 22 млн баррель мұнай үнемделетінін хабарлады.
Ол бұл стансалардың салыну мерзімінің 10 жыл деп болжанғанын айтып, осы екі стансаға тартылған инвестиция көлемін 10 млрд доллар деп жариялады.
Иран Атом қуаты ұйымының басшысы, сондай-ақ, Ресейдің осы екі стансаны салуға қатысатынын айтып: «Ресеймен әріптестік келісімінде осы жобаны орындауда отандық өнеркәсіптердің техникалық қабілетін пайдалануға көңіл аударылды»,-деді.
Салехи Иранның атом қуаты саласындағы қарым-қабілетіне тоқталып: «Алдағы 10 жылда елдің өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы мен медицина салаларындағы қуатқа қажеттіліктері мен қоғамдық мүдделерін қамтамасыз ету үшін атом өнеркәсібіне арнайы қаражат бөлінуде»,-деп мәлімдеді.