Иран армиясы теңіз күштері тарапынан үш мыңнан астам сауда кемесіне қолдау көрсетілді
(last modified Thu, 01 Sep 2016 15:24:30 GMT )
Қыр 01, 2016 21:24 Asia/Almaty
  • Иран армиясы теңіз күштері тарапынан үш мыңнан астам сауда кемесіне қолдау көрсетілді

ИИР армиясы теңіз күштерінің қолбасшысы 2008 жылдан осы уақытқа дейін армияның теңіз күштері тарапынан 3200 сауда кемесіне қолдау көрсетілгенін айтты.

ИИР армиясы теңіз күштерінің қолбасшысы контр-адмирал Хабиболла Сайяри бейсенбі күні Иранның солтүстігінде орналасқан Ноушехр қаласындағы имам Хомейни атындағы университетте өткен теңіз саласындағы жаңа технологиялардың ұлттық екінші форумында сөйлеген сөзінде армияның теңіз күштерінің рөліне тоқталып: «Сауда кемелеріне демеушілік жасау Иран теңіз күштерінің азат сулар мен аймақ және әлемдегі айбынының белгісі» деді.

Контр-адмирал Сайяри ИИР-ның стратегиялық жағдайына тоқталып: «Иран шығыс пен батыстың торабында орналасқан. Әлемдік деңгейде мекен тұрғысынан ең жақсы жерде орналасуы Иранның әлемде маңызды ел ретінде танылуына себеп болды.

Теңіз әлеуеттеріне көңіл аудару бұрынғыға қарағанда көбірек және жылдамдықпен жүзеге асырылып, теңіз күштері ілгері күштер ретінде таныстырылып, қауіпсіздіктің арқасында даму жолын өткеруі керек» деді.