Иранда өтетін сайлаулардың қауіпсіздігін 250 мың полиция күші қамтамасыз етеді
Иран ислам республикасының қоғамдық тәртіп күші қолбасшысының орынбасары Ислам кеңесі мәжілісінің оныншы шақырылымы мен Эксперттер мәжілісінің бесінші шақырылымына сайлаулардың қауіпсіздігін 250 мың полицияның қамтамасыз етуді өз мойнына алып отырғанын хабарлады.
ИРНА- ның хабарлауынша, Иранның Қоғамдық тәртіп күші қолбасшысының орынбасары, бригада генералы сардар Искандар Момени сейсенбі күні: «Алдағы жұма, 26-шы ақпанда өтетін Иранның ислам кеңесі мәжілісі мен Эксперттер мәжілісіне сайлаулардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 18 тікұшақ пен 8 ұшақ та қолданылады. Жоспар бойынша Иранның шекаралық аймағынан орталық аймақтарына дейін қауіпсіз сайлау өткізуге толық жағдай жасалды» деді.
Сардар Момени халықтың 26- шы ақпандағы сайлауларға ауқымды түрде қатысатынын мәлімдеп: «Халық түрлі салаларға белсенді қатысуы арқылы ислам республикасы жүйесіне қолдау көрсеткені сияқты, Ислам кеңесінің мәжілісі мен Эксперттер мәжілісінің сайлауларына да қатысып, тарихқа келесі бір алтын парақты тіркейді» деді.