Теһран жұма намазының құтпалары
(last modified Sat, 03 Sep 2016 09:09:21 GMT )
Қыр 03, 2016 15:09 Asia/Almaty
  • Теһран жұма намазының құтпалары

Теһран жұма намазының құтпагері: «Иран халқы өткен жылы қажылықта өлімге әкеліп соқтырған сорақы апатты ешқашан ұмытпайды»,-деді.

Теһран жұма намазының осы аптадағы құтпагері аятолла Мұхаммадәли Мовахеди Кермани зихадже айының келе жатқанына және қажылық рәсімдерінің маңыздылығына тоқталып: «Сарапшылардың айтуынша, егер өткен жылғы қажылық рәсімдерінде саудиялық жауапты тұлғалар зияратшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде көбірек жауапкершілік танытқанда Мина оқиғасында жүздеген жазықсыз зияратшының өмірі қиылмас еді»,-деп мәлімдеді.

Теһран жұма намазының құтпагері қажылық рәсімдері хазірет Ибрахим пайғамбар кезіндегі қажылықтай орындалатын болса, мұсылмандарда ешқандай қиындықтың болмайтынын айтып: «Екі қасиетті қала ваххабилерден арылса, мұсылмандар толық қауіпсіздікпен қажылық рәсімдерін орындап, Ислам дұшпандарына жиреніштерін жариялайтын еді»,-деген үміт білдірді.

Аятолла Мовахеди Кермани мұсылмандарға қажылыққа баруға рұқсат бермейтін Сауд әулетін АҚШ-тың жалдамалысы деп атады.  

Аятолла Мұхаммадәли Мовахеди Кермани, сондай-ақ, соңғы жылдардағы Иранның қорғаныс өнеркәсібіндегі жетістіктеріне тоқталып,  ИИР Қарулы күштерінің Ислам революциясы жетекшісінің Иранның қорғаныстық қабілетін жоғарылату туралы бұйрықтарын орындау үшін жасап жатқан талпыныстарына алғыс айтты.

Аятолла Мовахеди Кермани қорғаныс өнеркәсібінің қарым-қабілетінің дұшпандарды қатты үрейлендіргенін айтып: «Бүгінде аймақ пен Иранның айналасындағы елдерде бейберекеттік орнаған. Ал ИИР-да  Қарулы күштердің айбынының арқасында қауіпсіздік толық сақталған»,-деді.