Иран мұнай өндірісін азайтуға қатысты шешім қабылдайды
Қыр 10, 2016 21:15 Asia/Almaty
ИИР мұнай өндірісін күніне 4 млн баррельге жеткізгеннен кейін мұнай өндірісін тұрақтандыруға қатысты шешім қабылдайтын болады.
ИИР-ның Ұлттық мұнай компаниясының халықаралық істер жөніндегі директоры Мохсен Қомсари: «Иран мұнай өндірісін санкцияға дейінгі деңгейге жеткізген соң күніне 4 млн баррельден жоғары мөлшерде мұнай өндірісін шектеу туралы шешім қабылдайтын болады. Иран қазіргі таңда күніне шамамен 3,8 млн баррель мұнай өндіреді»,-деді.
Тегтер