Лариджани ислам елдері Парламенттерінің басшыларына құттықтау жолдады
(last modified Sun, 11 Sep 2016 13:36:51 GMT )
Қыр 11, 2016 19:36 Asia/Almaty
  • Лариджани ислам елдері Парламенттерінің басшыларына құттықтау жолдады

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы: «Ислам елдері арасында ислам діні негізінде достық пен бауырластықты нығайту қазіргі қиын-қыстау заманда ең маңызды басымдық пен жалғыз шешім жолы болып табылады»,-деді.

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани жексенбі күні ислам елдері Парламенттерінің басшылары мен бірқатар саяси-діни тұлғаларына Құрбан айтпен құттықтап жолдаған хатында: «Әлем мұсылмандарының қажылық рәсіміндегі ұлы жиыны ислам үмбеті үшін мол береке сыйлайды. Солардың ең маңыздысы, хакім Алланың айтуынша, үмбеттердің ең жақсысы саналатын ислам үмбеті арасында иман мен тақуалық, бауырластық және тілеулестік рухты нығайтады. Ислам үмбеті алдындағы қиындықтар мен мәселелерге, әсіресе Палестина жері мен қасиетті Құдс қаласын басып алу зұлымдығының жалғасуы мен тәкфирлік терроризмнің іріткі салуына шолу жасағанда бірлікті нығайтып, біртұтастықты сақтап, иман бойынша бауырлас мұсылмандар арасында түс, ұлт пен  мазхабтан туындайтын әртүрлі жікшілдік пен қайшылықтардан сақ болу қажеттігі мен маңыздығын анық байқауға болады»,-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Лариджани, сонымен қатар, Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің ислам әлемі алдындағы қиындықтарды шешу үшін, соның ішінде Палестина халқының құқықтарын орындау үшін ислам елдерінің Парламенттері арасында достық, бауырластық пен пікірлестік қатынастарды нығайтуға дайын екенін мәлімдеп, ислам елдері сәттілігінің  күн өткен сайын арта түсуін қалайтынын білдірді.