Рухани: Шәһидтер мен ардагерлердің жанкештілігі – Иранның мақтанышының мәйегі
ИИР-ның президенті Қасиетті қорғаныс жылдарындағы шәһидтер мен ардагерлердің жанкештілігін исламдық Иранның ғиззаты мен мақтанышының мәйегі деп атады.
ИРНА-ның мәліметі бойынша, ИИР-ның президенті Хасан Рухани кеше, сәрсенбі күні Қасиетті қорғаныс кезеңінде физикалық тұрғыдан 70 пайызға дейін мүгедектікке ұшыраған ардагер Мохаммад Джавад Ирани және ол кісінің отбасымен кездесуде ардагерлердің еңбегін өте құнды деп бағалап: «Бүкіл әлем Ирактың бұрынғы диктаторы Саддам режиміне қолдау көрсету үшін Иранға қарсы шабуылда одақтасқан кезде ирандық шәһидтер мен ардагерлер отанды жан-тәндерімен қорғап, теңсіз соғыста, мазлұмдықпен қорғаныста отанның бір телім жерінің басып алынуына жол бермеді» деді.
Рухани ардагерлерді сабырдың кемел көрсеткіші деп атап: «Сіздер сияқты ардагерлердің мүгедектіктің алғашқы дертінен кейін де 34 жыл бойы осындай физикалық кемістікке шыдамдылық танытуы өте құнды әрі құрметке лайық» деді.
ИИР-ның президенті ИИР-ның негізін қалаған имам Хомейнидің жолын жалғастыруды қуаттап: «Иран халқы ислам революциясының мәртебелі жетекшісінің нұсқауларымен дұшпандардың барлық қастандықтарынан абыроймен шығады» деді.