Рухани: Әлемде бейбітшілік пен тұрақтылық орнату үшін барша талпыныс жасауы керек
ИИР Президенті: «Әлем мен аймақта бейбітшілік пен тұрақтылық орнатуға барша талпыныс жасауы керек»,- деді.
ИИР Президенті Хасан Рухани бүгін, жұма күні Қосылмау қозғалысына мүше елдер басшыларының саммитіне қатысу үшін Венесуэлаға аттанардан бұрын журналистердің алдында сөйлеген сөзінде: «Әлем мен аймақтың жағдайы жақсы емес. Сондықтан бейбітшілік, басқа елдердің істеріне араласпау, ұлттық егемендікті құрметтеу мен тілеулестік және ақылдасу әлем мәселелерін шешудегі маңызды факторлар болып табылады. 120 ел мүше болып кіретін Қосылмау қозғалысының күн тәртібінде бейбітшілік пен елдердің ұлттық егемендігімен тілеулестігі қарастырылады»,- деді.
Рухани сондай-ақ, Нью-Йоркте өтетін БҰҰ Бас ассамблеясының 71-ші сессиясына қатысуы туралы: «Бұл халықаралық басқосуда аймақ пен әлемнің маңызды мәселелеріне қатысты ИИР-ның ұстанымы баяндалады»,- деп хабарлады.
Бұл мәлімет бойынша, ИИР Президенті Қосылмау қозғалысына мүше елдердің басшысы ретінде аталмыш қозғалыстың саммитінде сөз сөйлеп, осы қозғалыстың жаңа кезеңінің төрағалығын Венесуэланың Президентіне тапсырады.