Теһран жұма намазының құтпалары
Теһран жұма намазының құтпагері ДАИШ лаңкестік тобының Сириядағы қылмыстары Сауд Арабиясында жайлаған тәкфірлік идеологиядан туындап отыр деп санайды.
Теһран жұма намазының құтпагері аятолла сейіт Ахмад Хатами ДАИШ лаңкестік тобының Құрбан айт күнгі Сириядағы қылмыстарына тоқталып: «ДАИШ-тың айуандықтары саудиялықтардың вахабизм идеологиясынан бастау алады»,-деді.
Аятолла Хатами Сауд әулетінің Ұлыбританияның көмегімен Сауд Арабиясында билік басына келгеннен бері адам өлтіру және талан-тараж жасауды жалғастырып жатқанын айтып: «Қазір Йеменде болып жатқан оқиғалар – саудиялықтардың үш ғасырлық басқыншылығы, талан-таражы мен қантөгісінің салдары»,-деді.
Теһран жұма намазының құтпагері Сауд Арабиясы үкіметін адам құқығына қарсы режим деп атап: «Осыдан бұрын сионистік режиммен жасырын байланыста болған саудиялықтар бүгінде ашық түрде қарым-қатынастарын жалғастыруда. Сауд әулеті Палестинаның жапа шеккен қорғансыз халқына қарсы соғыста сионистердің қылмыстарына сыбайлас»,-деді.
Теһран жұма намазының құтпагері Сирияда жарияланған атысты тоқтату бітіміне қатысты айтқан сөзінде ИИР-ның Сирияда қантөгісті тоқтатуға бағытталған кез-келген шараны қолдайтынын мәлімдеді.
Теһран жұма намазының құтпагері, сондай-ақ, Иранның Халықаралық ақша жылыстатумен күрес ұйымының (FATF) қаржы амалына қатысты арнайы жұмыс тобына қосылуы туралы шешім қабылдаудың Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің құзырында екенін айтып: «Жауапты тұлғалар қарсы тараптың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттерін орындаудағы уәде бұзушылықтарына байланысты шешім қабылдауы керек»,-деді.