Иран Ислам революциясының жетекшісі Сақшылар корпусының қолбасшыларымен кездесті
(last modified Mon, 19 Sep 2016 09:57:37 GMT )
Қыр 19, 2016 15:57 Asia/Almaty
  • Иран Ислам революциясының жетекшісі Сақшылар корпусының қолбасшыларымен кездесті

Иран Ислам революциясының жетекшісі Сақшылар Корпусын революцияның мықты қорғаны және ішкі және сыртқы қауіпсіздікті қорғайтын маңызды орган деп атады.

Иран Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи жексенбі күні Ислам революциясының Сақшылар Корпусы қолбасшыларының отырысына қатысушылармен кездесуінде Сақшылар Корпусының болмысын қорғауды қуаттап: «Болмысын қорғау, яғни бір қалыпта тоқтап қалу емес, дұшпанның құралдарының өзгеруі және алға ілгеруімен бірге Сақшылар Корпусы да ғылым мен технология саласындағы өз жетістіктеріне қанағаттанбай, алға ілгерілеуін тоқтатпауы керек»,- деді. Ол қауіпсіздікті өте маңызды және қоғамның рухани-материалдық дамуына жағдай тудыратын мәселе деп атап: «Сақшылар Корпусының міндеті – ішкі және сыртқы қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Егер сыртқы қауіпсіздік болмаса және елдің шекарасының сыртында дұшпанға тосқауыл қойылмаса, ішкі қауіпсіздік қатерге тіреледі»,- деді.

Иран Ислам революциясының жетекшісі  дұшпанның Иран халқына ыза болуының себебін Ислам республикасының ерекшелігі деп атап: «Иран халқының алға ілгерілеуі қысымдар, санкциялар мен қоқан-лоққыларға қарамастан күннен күнге анығырақ әрі батылырақ болып, Ислам революциясының жас, пәк көшеті алып күшке айналды»,-  деді. Аятолла Хаменеи сөзінің жалғасында Ислам республикасының жұмсақ күшінің маңызды мәселесін АҚШ басқарған билікқұмар мемлекеттерге сенім артпауы деп атап: «Бұл сенімсіздік күннен күнге кеңеюі қажет»,- деп баса айтты.

Иран Ислам революциясы жетекшісі АҚШ-қа сенім артпауды тәжірибелердің нәтижесі деп атап: «АҚШ-тың дұшпандығы Иран Ислам революциясынан кейінгі жылдары және ядролық мәселеге қатысты соңғы келіссөздер кезінде, сондай-ақ басқа мәселелерден байқалды. Сондықтан АҚШ-пен келіссөздер жүргізудің пайдасы жоқ, тек зияны бар»,- деді.

Иран Ислам революциясының жетекшісі   сонымен бірге аймақтың кейбір елдеріне: «Егер қырағы болмасандар, АҚШ-тың билеп-төстеуші жүйесінің үдерісін түсінбей, олардың күлімсіреуіне алдансаңдар, 50 немесе тіпті 100 жылға артта қалуларың мүмкін. АҚШ-тың Иранмен аймақ, әсіресе Сирия, Ирак, Ливан және Йемен туралы келіссөздер жүргізуінің мақсаты – ИИР-ның аймақтағы белсенділігінің алдын алудан басқа еш нәрсе емес. Өйткені, Иран – АҚШ-тың аймақтағы сәтсіздіктерінің негізгі себепкері»,- деп  баса айтты.