Иран шетелдік компанияларға 12 мұнай танкерін жалға берді
Қыр 19, 2016 19:04 Asia/Almaty
Иранның Ұлттық танкерлер компаниясының бас директоры осы уақытқа дейін Иранның 12 танкерінің шетелдік компанияларға жалға берілгенін хабарлады.
Иранның Ұлттық танкерлер компаниясының бас директоры Әлиакбар Сафаи: «Иранның Ұлттық танкерлер компаниясындағы кемелер саны 69-ға жетті. Олардың сыйымдылығы 15,5 млн тоннадан асады. Бұл компания әлем бойынша ең үлкен мұнай тасымалдаушы компания болып табылады»,-деді.
Тегтер