Сақшылар корпусы Иранның шекара аймақтарында дұшпанның әрекеттерін бақылауда ұстап отыр
Ислам революциясы Сақшылары корпусының қолбасшысы осы органның ИИР-ның шекара аймақтарындағы дұшпанның барлық әрекетін бақылауда ұстап отырғанын мәлімдеді.
Ислам революциясы Сақшылар корпусының Бас қолбасшысы бригада генералы Мохаммад Али Джафари сәрсенбі күні Бандар-Аббаста Американың Парсы шығанағындағы әскери әрекеттеріне тоқталып: «ИИР-ның қарулы күштері, соның ішінде Сақшылар корпусы мен армиясы дұшпанның Иранның аумағын бос кезуіне сақтықпен қарап, реакция білдіреді. Вашингтон Америка халқының қаржысы мен байлығын бұдан ары Парсы шығанағында зұлымдық және зиян келтірушілікпен зая етпей, өзін көрсетіп, авантюристік әрекеттер жасауы үшін басқа жерге барғаны жөн.
Иран Ислам революциясының Сақшылар корпусына қарайтын теңіз күштерінің талпыныстары және қырағылығымен Парсы шығанағы мен Ормұз бұғазында қауіпсіздік орнатылды. Бұл күштер сезімтал, өмірлік мәнге ие стратегиялық Парсы шығанағы аймағында қауіпсіздік орнату үшін өзінің әлеуеттерін арттыратын болады» деді.