Теһран жұма намазының құтпалары
https://itolqyn.com/news/iran-i14989
Теһран жұма намазының құтпагері Таяу Шығыс аймағында тұрақтылық пен қауіпсіздік орнатуды ИИР Қарулы күштерінің құзырымен байланыстырды.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қыр 24, 2016 14:24 Asia/Almaty
  • Теһран жұма намазының құтпалары

Теһран жұма намазының құтпагері Таяу Шығыс аймағында тұрақтылық пен қауіпсіздік орнатуды ИИР Қарулы күштерінің құзырымен байланыстырды.

Казем Седдиқи Теһран жұма намазының құтпаларында 8 жылдық Қасиетті қорғаныс пен Ирактың Баас режимінің Иранға таңған соғысына тоқталып: "Қасиетті қорғаныста үстемшіл алпауыттарға ислам революциясының мақсаттары паш етілді",-деді. 

Седдиқи Иран халқының 8 жыл бойы алпауыт елдердің басқыншылығы мен зұлымдығына төтеп бергенін айтып: "Тарихтың өзі Иран халқының басқыншы емес екенін көрсетті. Алайда басқа бір ел Иранға басқыншылық жасаса, ИИР Қарулы күштері оған қатаң жауап береді",-деді.

Теһран жұма намазының құтпагері, сондай-ақ, Иранның лаңкестікпен күресті бар күш-қуатымен жалғастыратынын айтып: "АҚШ пен Батыс елдерінің лаңкестікпен күрес туралы ұрандары өтіріктен басқа ештеңе емес, өйткені олар лаңкестерге жақтасып, соларға қолдау көрсетеді",-деді.