Ресей Түркияның Сирияның шекаралық аймақтарына шабуылдарына қатысты әлемдік деңгейде реакция көрсетуге шақырды
Ресей Түркияның Сирияның шекаралық аймақтардағы шабуылдарына әлемдік қауымдастықтың реакция танытуын сұрады.
ИРНА-ның хабарлауы бойынша, Ресейдің Қорғаныс министрлігінің ақпарат хатшысы әлемдік қауымдастықтың Түркия әскерінің Сирияның шекаралық аймақтарына жасап жатқан шабуылдарына қатысты тиісті шара қолдануын және осы аймақтардағы адами және қаржылық шығындардың алдын алуды сұрады.
Игорь Конашенков сәрсенбі күні тілшілерге берген сұхбатында: "Түркия әскері Сирияның шекаралық аймақтарына зеңбірек атуды жалғастырып жатыр. Бұл әрекеттер бүгінге дейін осы аймақтарда көптеген адамдардың қаза болып, аймаққа қаржылай ауыр шығын келуге себеп болды. Бұл үдеріс әлі жалғасуда. Халықаралық Амнистия ұйымы сияқты халықаралық ұйымдар Түркия әскерінің іс-әрекеттеріне назар аударуы қажет. Осы аядағы үнсіздікті қабылдауға келмейді" деді.
Ресей Қорғаныс министрлігінің ақпарат хатшысы Ресей мен АҚШ-тың шабуылдарды тоқтату өтініштеріне қарамастан Түркия қайраткерлерінің Сирия күрдтеріне қарсы шабуылдарын жалғастыратынын қуаттаған сөздерін сынға алды.