Теһран жұма намазының құтпалары
https://itolqyn.com/news/iran-i15358
Теһран жұма намазының құтпагері ИИР Қарулы күштерінің Қасиетті қорғаныс жылдарындағы ерліктерін мадақтап: «Қарулы күштер бұрынғыдай исламдық құндылықтар мен қоғамның қауіпсіздігін қорғау жолында қызмет етуде»,-деп қуаттады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаз 01, 2016 15:03 Asia/Almaty
  • Теһран жұма намазының құтпалары

Теһран жұма намазының құтпагері ИИР Қарулы күштерінің Қасиетті қорғаныс жылдарындағы ерліктерін мадақтап: «Қарулы күштер бұрынғыдай исламдық құндылықтар мен қоғамның қауіпсіздігін қорғау жолында қызмет етуде»,-деп қуаттады.

Аятолла Мұхаммад Имами Кашани Теһран жұма намазының осы аптадағы құтпаларында  Ирандағы Қасиетті қорғаныс аптасын ұлықтап: «Бүгінде Иранда орнаған үлгі тұтарлық қауіпсіздік ИИР Қарулы күштерінің талпыныстарына қарыздар. Қарулы күштер Иранның аумақтық тұтастығы мен исламдық құндылықтарды қорғауда әлі де жақсы жұмыс жасап келеді»,-деді.  

Аятолла Имами Кашани бүгінде ислам әлемінің лаңкестік-тәкфирлік топтарды қолдайтын кейбір батыс және араб елдерінің, соның ішінде Сауд Арабиясының қастандықтарына ұрынып отырғанын айтып: «Мұсылман халықтар мұндай қастандықтарға мойынұсынбауы керек, фиқһтық негіздер бойынша осыған қатысты шара ойластыруы тиіс»,-деді.

Теһран жұма намазының құтпагері барлық ислам және араб елдеріне: «Сауд Арабиясы лаңкестік-тәкфирлік топтарды қолдап, сионистік режим мен АҚШ-тың Таяу Шығыстағы заңсыз мақсаттары мен талаптарын орындауға талпыныс жасауда»,-деп ескертті.