Иранның батысында бір лаңкестік топтың көзі жойылды
(last modified Wed, 05 Oct 2016 08:59:14 GMT )
Қаз 05, 2016 14:59 Asia/Almaty
  • Иранның батысында бір лаңкестік топтың көзі жойылды

Иран Ислам революциясы Сақшылар Корпусының Құрлық күштерінің қолбасшысы революцияға қарсы және лаңкестік топқа қарасты бір бүлікшіл топтың көзінің жойылғаны және 12 қарулы бүлікшінің өлімге ұшырағаны туралы хабарлады.

«Сепах ньюстің» хабарлауы бойынша, Сақшылар Корпусының Құрлық  күштерінің қолбасшысы Мұхаммад Пакпур сейсенбі күні осы хабарды жариялауымен бірге: «Сақшылар Корпусының Құрлық  күштері және аймақтағы жергілікті күштердің қырағылығымен АҚШ пен сионистік режимнің қолдауына ие әрі Иранның ішінде бейберекеттік ұйымдастырмақ болған революцияға қарсы және лаңкестік топқа қарасты бір бүлікшіл топ елдің батысындағы Керманшах облысының шекара аймақтарында анықталды.

Бүлікшілер мен лаңкестер Сақшылар Корпусының жаунгерлерінің қолына түсіп, қақтығыс кезінде толық жойылып, оның 12 мүшесі өлді. Сақшылар Корпусы жаунгерлерінің қатаң әрекеті және жергілікті күштердің ынтымақтастығымен бұл әрекетте лаңкестер мен бүлікшілердің көптеген қаруы мен әскери жабдықтары қолға түсті»,- деп қуаттады.