Агенттік «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан кейінгі бірінші мәлімдемесін жұма күні жариялауы мүмкін
(last modified Fri, 26 Feb 2016 11:23:34 GMT )
Ақп 26, 2016 17:23 Asia/Almaty
  • Агенттік «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан кейінгі бірінші мәлімдемесін жұма күні жариялауы мүмкін

Атом Қуаты Халықаралық Агенттігіндегі (АҚХА) Иранның өкілі Агенттіктің «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан кейінгі бірінші мәлімдемесін жұма күні жариялауы мүмкін екендігін хабарлады.

ИРНА-ның мәліметі бойынша, АҚХА-дегі Иранның өкілі Реза Наджафи бейсенбі күні Венада журналистерге берген сұхбатта: «АҚХА-нің Басқарушылар кеңесінің 7-ші наурызда өтетін отырысына қатысты «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының орындалуы туралы бұл Агенттіктің бірінші кезеңдік мәлімдемесінің жұма күні жариялану ықтималы өте жоғары. Агенттік өткен қаңтардағы мәлімдемесі сынды «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының жүзеге асыру ісінің бақылауы жалғасуда деп мәлімдеуі мүмкін»,- деді.

Наджафи Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің сайлауына тоқталып: «Иран халқы шәһидтердің, әсіресе ядролық ғылым жолында шәһид болғандардың қанын қорғап, жұма күні бірауыздан сайлауға қатысады»,- деп баса айтты.