Лариджани: Дұшпандар Иранмен зорлық тілімен сөйлей алмайды
Иран ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы қасиетті қорғаныстың әлем жұртшылығына Иран халқымен зорлық тілімен сөйлей алмайтынын үйреткенін мәлімдеді.
Иран ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани бейсенбі күні Иранның оңтүстік-батысындағы Кохгилуйе мен Бойерахмед облысының орталығы Ясудж қаласында шәһидтерді еске алуға қатысты өткізілгін конгресте сөйлеген сөзінде: «Ирактың Баас режимінің Иранмен 8 жылдық басқыншылық соғысында Иран халқы өз күрестерімен әлем жұртшылығына үлкен сабақ үйретті. Олар Иран халқымен зорлық тілімен сөйлей алмайды, өйткені Иран халқы өз күрестерімен төзімділік танытуда» деді.
Лариджани Батыстың Таяу Шығыс аймағындағы көптеген астыртын әрекеттері мен жоспарларының түпкі мақсатының Иранды жеңіліске ұшыруға бағытталғанын мәлімдеп: «Ирак пен Ауғанстанға жасалған шабуыл және сионистік режимнің Ливан Хезболласымен 33 күндік соғысы да Иранды жеңіліске ұшырату мақсатында іске асты. Алайда сол жобалардың бірде- бірі Батысты өз мақсатына жеткізе алған жоқ.
Иран ислам республикасының қазіргі қауіпсіздігі 8 жылдық қасиетті қорғаныстың нәтижесі болып табылады. Әлем егер осы халықпен шайқасса, түбі жақсылыққа апармайтынын түсінді» деді.