Теһран жұма намазының құтпалары
(last modified Sat, 08 Oct 2016 11:11:03 GMT )
Қаз 08, 2016 17:11 Asia/Almaty
  • Теһран жұма намазының құтпалары

Теһран жұма намазының құтпагері әлемнің барлық мұсылмандары мен азаттық сүйгіш адамдарынан имам Хосейн(ғ.с.)-ның жолнұсқауларына еріп, Ашура көтерілісін жалғастыру арқылы әлемнің үстемшіл саясаттарының құрсауындағы елдерді азат ету үшін жағдай тудыруға шақырды.

Теһран намазының құтпагері аятолла Мұхаммадали Мовахеди Кермани имам Хусейн (ғ.с.)-ның шәһид болуы, Ашура мен Тасуаның жылдығына орай көңіл айтумен қатар, әлем мұсылмандары мен азаттықсүйгіш адамдарының имам мен оның серіктерінің Кербаладағы жанкештіліктерінен үлгі алып, адамдарды азат етіп, олардың бақытқа жетуі үшін осы хазіреттің көтерілісін жалғастыратындығына үміт білдірді. 

Теһран  жұма намазының құтпагері кертартпа араб елдерінің Ислам дұшпандарының, соның ішінде, АҚШ пен сионистік режимнің  басып-жаншу саясаттары мен іс-әрекеттеріне қосылғанына өкініш білдіріп: "Қазір исламдық елдердің оянып, қырағылық танытып, олардың сұм жоспарларының жүзеге асырылуына тосқауыл қоятын кезі жетті" деді. 

Аятолла Мовахеди Кермани сонымен қатар Иранның көптеген мүмкіндіктерін даму жолында пайдалану қажеттігін қуаттап: "Иран халқы өз құқықтарына қол жеткізу үшін ешкімнің көмегін қажет етпейді. Нәтижесінде АҚШ-тан өзінің бұғатталған активтерін қайтарып алды" деді.