Рухани: Иран мен Таиланд байланыстарды кеңейтуге мүдделі
(last modified Sun, 09 Oct 2016 16:17:34 GMT )
Қаз 09, 2016 22:17 Asia/Almaty
  • Рухани: Иран мен Таиланд байланыстарды кеңейтуге мүдделі

ИИР президенті Иран мен Таиланд үкіметтерінің саяси, экономикалық, мәдени және ғылыми салаларда қос жақты байланыстарды кеңейтуге мүдделі екендігін мәлімдеді.

Президент әкімшілігінің ақпарат тарату торабының хабарлауынша, ИИР президенті Хасан Рухани жексенбі күні Бангкокте Иран мен Таиландтың жоғары деңгейлі делегацияларының бірлескен отырысында: «Таиланд Шығыс Азия аймағында Иранның экономикалық байланыстары үшін көпір болып табылады.

Иран теңіз айлақтары және оңтүстік пен солтүстік арасындағы рельстік тасымалдау дәліздері саласындағы қолайлы инфрақұрылымдарымен аймақтағы ең тұрақты әрі қауіпсіз ел ретінде Шығыс Азия мен Таиландтың аймақ, Орталық Азия, Кавказ және Еуропамен сауда- саттық байланыстарын кеңейту үшін ең үздік қақпа болып табылады» деді.

Иранның Атқарушы билігінің төрағасы сондай- ақ лаңкестік тақырыбы мен оның әлем үшін қатерлеріне тоқталып: «Лаңкестік, қатыгездік және әсірешілдік әлемдік түйткіл болып табылады. Онымен күресу барлық елдердің ынтымақтастық жасауын талап етеді» деді.

Таиландтың үкімет басшысы Прают Чан-Оча да өз елінің Иран ислам республикасымен байланыстарды кеңейту мен тереңдету үшін мүдделі екендігін қуаттап: «Иран Таиландты Азияның орталық және батыс аймағы және Еуропамен байланыстыра алады. Таиланд та Иранды Шығыс Азиямен байланыстыру үшін орталық бола алады» деді.