Бүгін әлем шиіттерінің үшінші имамының шәһид болған күнінің жылдығы
Бүгін, сәрсенбі х.қ.ж.с.б. 1438 жылдың 10 мұхаррамы, сәйкесінше 2016 жылдың 12 қазаны – Хосейннің Ашурасы.
Мұхаррам айының 10 жұлдызы – шиіттердің үшінші имамы хазірет Хосейннің шәһид болған күні. Ол х.қ.ж.с.б. 61 жылы Кербалада 57 жасында шәһид болды.
Хазірет имам Хосейн (ғ.) Меккеден Кербалаға бара жатқан жолда: «Менің бұл қозғалыстағы мақсатым – Язидтің исламға қарсы үкіметін әшкерелеу, жақсылыққа шақырып, жамандықтан жирендіру, зорлық-зомбылыққа қарсы тұру. Құран Кәрімді қолдап, Мұхаммадтың таза ислам дінін сақтаудан басқа мақсатым жоқ»,-деп ашық айтып отырған.
Бұл Алла Тағаланың хазірет имам Хосейнге (ғ.) тапсырған миссиясы болатын. Осы миссияны орындау барысында бұл хазірет өзінің адал серіктерімен бірге түскі намаздан кейін язидтердің қолынан шәһид болды.
Исламдық Иранның діндар халқы хазірет имам Хосейннің (ғ.) шәһид болған күнінің жылдығына орай барша мұсылмандарға қайғырып, көңіл айтады.