Кейбір елдердің Сирия дағдарысындағы бүлдіргі рөлі сынға алынды
(last modified Thu, 13 Oct 2016 15:36:12 GMT )
Қаз 13, 2016 21:36 Asia/Almaty
  • Кейбір елдердің Сирия дағдарысындағы бүлдіргі рөлі сынға алынды

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы: «Өз мүддесін көздеген кейбір елдерге Сирияны өздерінің әскери жаттығулары мен маневрлерін өткізетін жерге айналдыруына жол бермеуіміз керек»,-деп баса айтты.

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Бахрам Ғасеми бейсенбі күні ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің тілшісіне берген сұхбатында Сириядағы қазіргі жағдай мен Батыс елдерінің осы өзгерістердегі бүлдіргі рөлін түсіндіріп: «Сирияның күрделі өзгерістері бес жылдан бері осы елдің инфрақұрылымдарын  жойып, Сирия халқының көбінің қаза тауып және босқынға айналуына себеп болды. 

Сирия дағдарысы аймақтың тұрақтылығын бұзды. Бұл ел алпауыттар мен кейбір елдердің сынақ өткізетін базасына айналды. Олар басқаның қолымен соғысу арқылы бір-бірімен күш сынасуда.  

Иран Сирия мәселелерін шешу үшін әскери шешім жолының орнына саяси шешім жолын дұрыс деп санайды. Қазіргі жағдайдың жалғасуы көптеген адамның қаза болып, көптеген инфрақұрылымдардың бұзылуына себеп болды»,-деді.

Ғасеми Сирия өзгерістеріндегі кейбір ойыншылардың атысты тоқтату бітімі туралы қарама-қайшы көзқарастары мен амалдарына алаңдаушылық білдіріп: «Кейбір елдер әртүрлі кейіптерде рөл ойнап, атысты тоқтату бітімі жайлы айтқанымен, оны орындамайды»,-деді.