Қауіпсіздік орнату – Аден шығанағындағы Иран флотилиясының негізгі міндеті
ИИР Теңіз күштерінің қолбасшысы бұл күштердің әскери кемелерінің Аден шығанағында орналасуының мақсатын Иранның сауда кемелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету деп атады.
ИИР Теңіз күштерінің қолбасшысы адмирал Хабиболла Сайари бейсенбі күні Иран Телерадио бірлестігінің ақпарат агенттігіне берген сұхбатында: «Иранның барлық әскери кемелерінің міндеті Аден шығанағынан өтетін ирандық сауда кемелері мен мұнай танкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету»,- деп қуаттады.
Адмирал Сайари Иранның әскери кемелері Йеменнің жағалауына қарай аттанды деген кейбір хабарлар туралы: «Йемен жағалауы Аден шығанағында. Сондықтан ирандық кемелер басқа елдердің кемелері сияқты қауіпсіздікті орнату үшін Аден шығанағы, Баб әл-Мандеб бұғазы мен Қызыл теңізде құзырға бола алады. Иран теңіз күштерінің 44-ші флотилиясы Аден шығанағындағы міндетін орындаған соң Сомали мен Танзания жағалауларына қарай бет алады. Егер ауа-райы қолайлы болса, Танзаниядан кейін Оңтүстік Африкаға қарай аттанады»,- деді.