Теһран жұма намазының құтпалары
(last modified Sat, 15 Oct 2016 08:37:01 GMT )
Қаз 15, 2016 14:37 Asia/Almaty
  • Теһран жұма намазының құтпалары

Теһран жұма намазының құтпагері Батыс елдерінің Сауд Арабиясы қырғи ұшақтарының Йеменге шабуылдарын қолдауын бұл елде дағдарыстың ушығып, жазықсыз халықтың қырып-жойылуының артуына себеп болып отыр деп санайды.

Теһран жұма намазының құтпагері аятолла Ахмад Хатами Сауд Арабиясының өткен сенбі күні Сананың оңтүстігіне әуеден жасаған шабуылдарын айыптап: «Осы шабуылда жүздеген адамның қаза болуы мен жаралануы – соғыс қылмысының айқын үлгісі. Саудиялық басшылар осы қылмысы үшін сотталуы тиіс»,-деп қуаттады.

Теһран жұма намазының уақытша құтпагері АҚШ пен Ұлыбритания қайраткерлерінің  Сауд Арабиясының Йеменге шабуылдарында бұл екі ел ешқандай рөл атқарған жоқ деген уәждерін жалған деп атап: «Сауд Арабиясының қырғи ұшақтары Йеменге қанды шабуыл жасамас бұрын Ұлыбритания Сауд Арабиясына миллардтаған доллар тұратын қару-жарақ сатуға келіскен болатын»,-деп мәлімдеді.

Аятолла Хатами АҚШ-тың Сауд Арабиясының Йемен мен дағдарысқа ұшыраған басқа аймақтық елдердегі амал-әрекеттерін қолдап отырғанын теріске шығаруға болмайтынын айтып: «Соңғы 18 айда Йемен халқының мыңдаған адамы қаза тапты, алайда халықаралық қауымдастық тарапынан ешқандай наразылық пен кесімді шара байқалмады»,-деді.

Аятолла Хатами бүгінде әлем халықтарының адамзатқа қызмет ететін шынайы БҰҰ-н қалайтынын айтып: «Егер әлемде әділет пен заң негізінде сот болғанда, Йемен халқына қарсы қылмыстарға қатысты барлық адамдар өлім жазасына кесілетін еді»,-деп баса айтты.