Теһранда Орталық Азия елдері темір жолының саммиті басталды
Иран, Қазақстан, Тәжікстан, Түркия және Түркіменстан темір жолдарының бес жақты саммиті Орталық Азия елдері мен Еуропа арасындағы рельстік ынтымақтастықты кеңейту мақсатында Теһранда өз жұмысын бастады.
Иран ислам республикасы темір жолының сапар мен саяхат бойынша орынбасары Хосейн Ашури Теһранда бес жақты саммиттің өткізілуі аясында ИРНА- ға берген сұхбатында: «Аймақта халықаралық тасымалды кеңейту және Орталық Азия вагондарының Ираннан Түркия мен Еуропаға өтуі үшін тиісті үйлесімділіктер жасау Теһран саммитін өткізудің ең маңызды да өзекті тақырыптары болып табылады.
Түркия мен еуропалық елдердің өздеріне тән рельстік тасымалдау ережелері бар. Орталық Азия елдері басқа ережелерді қолданады. Иран екі ережені де қолданады. Иранның рельстік жолдары Орталық Азия елдері мен Түркия және Еуропа арасында байланыс көпірі ретінде маңызды рөл атқара алады» деді