Салехи: Жуырда Иранда жасалған радиодәрілер кең түрде экспортталады
Иран Атом қуаты ұйымының төрағасы жақын болашақта ИИР-да жасалған радиодәрілердің кең түрде экспортталатынын хабарлады.
Иран Атом қуаты ұйымының төрағасы Әлиакбар Салехи бүгін, сейсенбі күні Теһранда «Келер күннің таңдаулылары» атты ұлттық форумның аясында тілшілерге берген сұхбатында Иранның ядро саласындағы ғалымдары жасаған радиодәрілердің халықаралық стандарттары жайында айтып: «Бұл радиодәрілер халықаралық нарықтарға кең түрде шығарылады»,-деді.
Иран Атом қуаты ұйымының төрағасы Иранда 25 радиодәрі өндірілгенін айтып: «Қазіргі таңда Иранның радиодәрілері аймақ елдеріне, соның ішінде Ирак, Мысыр мен Германияға экспортталады, ал халықаралық стандартқа сай лицензия алған жағдайда бұл үдеріс кең түрде таралатын болады»,-деп мәлімдеді.
Салехи, сонымен қатар, Иранның алғашқы ядролық ауруханасының салынатынын хабарлап: «Бұл аурухананы салу жобасына қаражат бөлінді. Жуық арада бір аустриялық компаниямен осы салада ынтымақтастық келісіміне қол қойылады»,-деді.