Сақшылар Корпусының бас қолбасшысы: АҚШ ДАИШ-тың негізгі қолдаушысы
Иран Ислам революциясы Сақшылар Корпусының Бас қолбасшысы АҚШ-ты Таяу Шығыс аймағындағы ДАИШ лаңкестік тобының негізгі қолдаушысы деп атады.
ИРНА-ның мәліметі бойынша, Иран Ислам революциясы Сақшылар Корпусының Бас қолбасшысы Мұхаммадәли Джафари сейсенбі күні Иранның солтүстік-шығысындағы Солтүстік Хорасан облысындағы Боджнурд қаласындағы қолбасшылар мен үш мың шәһидке арналып өткен конгресте Ирактағы ДАИШ тобына тоқталып: «Бұл тәкфіршіл лаңкестік топ бірнеше жылдан бері Ирактың әртүрлі қалаларында таралды, бірақ бүгін бұл топтың бақылауындағы соңғы қала Мосул олардың қолынан азат етілуде»,- деді. Бас қолбасшы Джафари АҚШ-н тәкфіршіл топтарды қаруландырып, ДАИШ ағымының пайда болуына себеп болғанын айтып: «Егер Ирактың халықтық қорғанысы мен ғұламаларының қалауы болмағанда бүгін бұл елдің аймақтарының көбі ДАИШ лаңкестерінің бақылауында болатын еді»,- деді.
Иран Ислам революциясы Сақшылар Корпусының Бас қолбасшысы Ислам революциясының негізгі мақсатын билеп-төстеуші жүйеге қарсылық білдіру деп қуаттап: «Ирандық жастардың шәһид талап ету рухы, намысы мен жомарттығы АҚШ-тың Иранға қарсы соғыс бастауға қорқуының себебі»,- деді.