Таңдаулылар мен дарындар Ислам революциясы жетекшісінің қабылдауында болды
Ислам революциясының жетекшісі «жаһандану» тақырыбы мен америкалықтар мен еуропалықтардың Иранға «әлемдік жанұяға» қосылу туралы кеңесін тәуелділік мәдениетін қайта тудырудың айқын үлгісі деп атады.
Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи сәрсенбі күні ғылыми саладағы бетке ұстарлармен кездесуінде: «Батыс тарабы әлемдік қоғам деп атайтын дүниеге қосылуға қарсылық сыртқы байланыстарға қарсылық деген мағынаны білдірмейді, керісінше ірі алпауыттардың Иранның саясаты, экономикасы мен қауіпсіздігіне таңған мәдениетіне қарсы табандылық таныту дегенді білдіреді»,-деп еске алды.
Хазірет аятолла Хаменеи сайтан сипатты құдіретті елдердің кез-келген қозғалыспен жауластығына тоқталып: «АҚШ қайраткерлерінің бірінің Иранның қарсыласу қозғалысын қолдайтыны және оны жақтайтыны себепті оған қарсы санкцияларды жалғастыру қажеттігі туралы сөздері – АҚШ-қа қатысты пессимистік шындықтың нағыз өзі»,-деді.
Аятолла Хаменеи өз сөзінің жалғасында Еуроодақтың Иранның мүмкіндіктері мен әлеуеттерін қарастырған соңғы мәлімдемесіне тоқталып: «Иранның дамыған мүмкіндіктері мен адами және табиғи ресурстары туралы сөздер бос дақпырт емес, шындық. Батыстықтар да мұны мойындап отыр»,-деді.
Хазірет аятолла Хаменеи: «Америкалықтар осындай дамыған әлеуеттер мен исламға негізделген үкіметі бар Иранмен міндетті түрде күреседі. Жас таңдаулылардың осы мәселені дұрыс түсінуі оларға тарихи міндеттерін орындауға көмектеседі»,-деп баса айтты.
Хазірет аятолла Хаменеи адамзат қоғамының қазіргі қиындықтары мен материалдық ойлардың тығырыққа тірелгеніне тоқталып, әлемге адамзат мәселелері мен халықаралық қиындықтарды шешу үшін жаңа бір сөздің қажеттігін айтып: «АҚШ-тағы сайлау науқаны мен екі үміткердің арасында көтерілген тақырыптар – алпауыт елдерде руханилық пен иманның жоқтығының айқын үлгісі»,-деп қуаттады.
Аятолла Хаменеи мемлекеттің жауапты тұлғаларының таңдаулылар тақырыбына ерекше назар аудару қажеттігінің исламдық жүйе алдындағы үлкен мақсаттардың бірі екенін айтып: «ИИР дамыған, құдіретті, тың сөз айта алатын, абырой-айбынға ие, руханият пен иманға толы, исламның жаңа өркениетінің туын көтере алатын елге айналуы тиіс»,-деді.