Иран мен Армения экономикаға инвестиция салу үшін мол әлеуеттерге ие
(last modified Thu, 20 Oct 2016 13:08:52 GMT )
Қаз 20, 2016 19:08 Asia/Almaty
  • Иран мен Армения экономикаға инвестиция салу үшін мол әлеуеттерге ие

Арменияның Премьер-министрі мен Иранның Армениядағы елшісі екі елдің мол мүмкіндіктерін экономикалық ынтымақтастықты кеңейту және екіжақты сауда айналымын арттыру үшін пайдалану туралы пікір алмасты.

Арменияның Премьер-министрі Карен Карапетян Иранның Армениядағы елшісі сейіт Казем Саджадимен кездесуінде: «Екі ел өзара сауда айналымы мен экономиканың әртүрлі салалары, соның ішінде ауыл шаруашылығы, телекоммуникация, туризм мен денсаулық сақтау салаларына инвестицияны  арттыру үшін  мол мүмкіндіктер мен әлеуеттерге ие»,-деді.

Арменияның Премьер-министрі: «400 кВатт-тық электр қуатын тасымалдайтын үшінші желі, Нураван электр стансасы, Иранмен шекаралас аймақтарда газ тарату желісін салу және Иран газын Арменияның электр қуатына айырбастау жобасы өте маңызды»,-деп сөзін жалғады.

Карапетян Армения, Иран, Грузия мен Ресейдің төртжақты әріптестігін  аймақтың тұрақтылығы мен дамуы үшін пайдалы да әсерлі деп атап: «Иранның компаниялары солтүстік-оңтүстік күре жолын салуға қатыса алады»,-деді.