Рухани: Биыл Иран экономикасының өркендеген жылы
Иран Ислам Республикасының президенті хижри шамси жыл санағы бойынша биылғы 1395 жылды экономиканың өркендеген жылы деп атады.
Он бірінші үкіметтің облыстық 32-шы сапары аясында Орталық облысқа сапармен барған ИИР-ның президенті Хасан Рухани бүгін, жексенбі күні Арак қаласының «Бесінші мордад шәһидтері» спорт кешенінде осы облыстың халқы алдында сөйлеген сөзінде: «Үкімет Орталық облыстың өнеркәсіптік бірліктерін Иранның жер-жеріндегі өнеркәсіптің бірліктермен бірге жандандыру үшін бар күшін салуда» деді.
ИИР президенті сонымен қатар «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының пайдаларына тоқталып: ««Ортақ қадам» бағдарламасы Иран халқының құқықтарын жүзеге асырып, Арак ауыр суын әлемнің өнеркәсіптік елдеріне экспорттау және Иранның мұнай-газ және мұнай-химия өнімдерін еркін экспорттау дегенді білдіреді. «Ортақ қадам» бағдарламасы – Иран халқының жеңісі. Бүгін Иранның әлеммен сауда жасау еркіндігі мен Иран халқына қарсы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің әділетсіз алты қарарының күшінің жойылғанына қуанбайтын адам кемде-кем» деді.