Аустрия Ұлттық кеңесі төрағасының орынбасары Хашеми Рафсанджанимен кездесті
Иран Жүйе мүддесін анықтау алқасының төрағасы Таяу Шығыс аймағындағы лаңкестік әрекеттердің тамырының сионистік режимнен бастау алатынын айтты.
ИРНА-ның хабарлауынша, Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының төрағасы аятолла Акбар Хашеми Рафсанджани дүйсенбі күні Теһранда Аустрияның Ұлттық кеңесі төрағасының орынбасары Карлхайнц Копфпен кездесуінде: "Таяу Шығыс аймағындағы лаңкестік әрекеттердің түм-тамыры батыстық үкіметтер тарапынан аймақта сионистік режим құрылғаннан кейін пайда болды" деді.
Аятолла Хашеми Рафсанджани лаңкестердің Африка, Азия тіпті Еуропадағы әрекеттерін талқылай келе: "Әлемдік қауымдастық пен әлемдік алпауыттардың міндеті өздерінің тарихи қателіктерін жөндеу болып табылады" деп қуаттады.
Аустрияның Ұлттық кеңесі төрағасының орынбасары Карлхайнц Копф өз кезегінде ИИР-ның аймақтық мәселелерді шешудегі ұстанымдары үшін алғыс білдіріп: "Жұмыспен қамтамасыз ету арқылы аймақтық елдердегі жастардың торығуы мен олардың лаңкестік топтарға қосылуының алдын алу керек" деді.