Жетекші Сақшылар корпусы теңіз күшінің қолбасшыларын «Жеңіс» орденімен марапаттады
Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі америкалық шапқыншы әскерилерді құрықтаған Иран ислам революциясы Сақшылар корпусы теңіз күшінің қолбасшыларын «Жеңіс» орденімен марапаттады.
Иран ислам революциясы сақшылар корпусы теңіз күшінің қолбасшысы бригада генералы адмирал Әли Фадави және «Фарси» аралы аумағында америкалық қайықтарды тоқтатып, америкалық шапқыншы теңіз жаяу әскерилерін құрықтау барысында деркезінде батыл шара қолданған осы күштің төрт қолбасшысы Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі әрі қарулы күштердің бас қолбасшысы тарапынан «жеңіс» өрденімен марапаттады.
Иран қарулы күштерінің бас қолбасшысы сондай- ақ, ИИР қарулы күштері бас штабының өтініші бойынша осы амалдарға қатысқан өзге қолбасшылар мен күштердің әскери мәртебесін жоғарылатумен оларды ынталандыруға келісті.
2016 жылы 12- ші қаңтарда екі америкалық қайық Парсы Шығанағында Иранның теңіз шекараларынан заңсыз түрде басып өткен соң Иран ислам революциясы сақшылар корпусының теңіз күші тарапынан тоқтатылып, оның 10 экипажы ұсталды.
Осы теңізшілер Иранның теңіз шекараларынан әдейі өтпегені анықталған соң босатылды.