Джаһангири: "Арбағин" күнінің шеруі - Ислам діні мен шиіттердің айбындылығының белгісі
Иранның Вице-президенті имам Хусейн (ғ.с.)-ның шәһид болған күнінің қырқы - "арбағин" күнінің жылдығына қатысты шерудің адамдарға рухани тұрғыдан әсер етуімен бірге ислам үмбеті мен шиіттердің айбындылығының көрінісі болып табылатынын айтты.
Иран Президентінің баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, Иранның Вице-президенті сейсенбі күні Теһранда өткен имам Хусейн (ғ.с.)-ның қырқы – «арбағин» штабының отырысында сөйлеген сөзінде: «Мұндай үлкен жиын әлемде бұрын-соңды кездеспеген. Осыншама жамағаттың қысқа мерзімде бөтен елде тыныш және қауіпсіз кеңістікте бас қосуы сирек кездесетін оқиға»,- деді.
Джаһагири Ирак үкіметінің имам Хусейн (ғ.с.)-ның «арбағин» рәсімінің жылдығына қатысты шеру өткізуге жақсы ынтымақтастық жасайтындығына тоқталып: «Бұл рәсімнің өтуі күш-қуатты көрсету болып табылады. Дұшпанның Ирактың барлық қиындықтар мен тәкфіршіл топтардың әрекеттерімен бетпе-бет келуіне қарамастан бұл шеруді толық қауіпсіз жағдайда өткізуге күшінің жететіні туралы білгені жөн»,- деп баса айтты. Ол Ислам революциясы жетекшісінің «арбағин» жылдығына қатысты шеруге ерекше назар аударатынын қуаттап, бұл рәсімді салтанатпен өткізуге талпыныс жасау қажеттігін қуаттады.