Ислам революциясы жетекшісінің Финляндия Президентімен кездесуде сөйлеген сөзі
(last modified Thu, 27 Oct 2016 08:01:14 GMT )
Қаз 27, 2016 14:01 Asia/Almaty
  • Ислам революциясы жетекшісінің Финляндия Президентімен кездесуде сөйлеген сөзі

Ислам революциясының жетекшісі АҚШ пен кейбір елдердің барлық мәселені өз мүдделеріне сай есептейтіндіктен, Ирак пен Сирияда терроризм деген аурудың тамырын жоюды ойламайтындықтарын айтты.

Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи сәрсенбі күні Финляндия Президенті Саули Нийнистё және оның жанындағы делегациямен кездесіп, адамзат қоғамының ауыр түйткілдерінің біріне айналған терроризм құбылысына тоқталып, Сауд үкіметінің Йемен халқын қырғаны сияқты жаппай қырып-жоюшылықты лаңкестіктің ең жаман түрі деп атап: «Терроризммен күресу халықаралық күшке ықпал ете алатын адамдардың барлығының ерік-жігерін қажет етеді. Әлемнің ойшылдары, үкіметтер мен әлемнің ынсапты басшылары осы құбылыспен күресу үшін шара ойластыруы тиіс»,-деп баса айтты.

Ол БҰҰ-ның қазіргі Бас хатшысының ұстанымдарын сынға алып: «БҰҰ-ның Бас хатшысы бұл ұйым Сауд үкіметінің қаражатына тәуелді болғандықтан, йемендік балалардың қырып-жойылуын айыптайтын мүмкіндіктің жоқ екендігін ашық түрде жариялады. Бұл халықаралық саясаткерлердің ақлақтық жағдайының мүшкіл екендігін көрсетеді. БҰҰ-ның келесі Бас хатшысы осы ұйымның тәуелсіздігін сақтай алады деп үміттенеміз»,-деді.

Хазірет аятолла Хаменеи ИИР-ның Сирияға қатысты ұстанымын қисынды және осы елдің заңды үкіметі мен халқына қолдау көрсетуге негізделген деп бағалап: «АҚШ пен басқа кейбір елдер Сирия үкіметінің ауысуын талап етіп отыр. Ал соғысты тоқтату үшін алдымен оны бастағандар мен орындағандар анықталуы тиіс»,-деді.

Финляндия Президенті Саули Нийнистё осы кездесуде өзінің Теһрандағы кездесулеріне ризалық білдіріп, Ислам революциясы жетекшісінің терроризмге қатысты көзқарастарына қолдау танытып: «Мемлекеттер мен БҰҰ терроризммен күрес пен оны бақылауға алуда нәтижеге жете алған жоқ»,-деді.