Могерини Теһранда Зарифпен кездесті
Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі басшысы Теһранда Иран Сыртқы істер министрімен кездесті.
ISNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі басшысы Федерика Могерини сенбі күні таңертең Теһранда Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зарифпен екіжақты мәселелер, аймақтық және халықаралық өзгерістер туралы сұхбаттасты.
Осы мәлімет бойынша, Могерини ИИР Президенті Хасан Руханимен де кездесіп, кеңеседі деп жоспарлануда.
Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі басшысы Иран Президентімен кездескеннен кейін Мұхаммад Джавад Зарифпен тағы сұхбаттасатын болады.
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Бахрам Ғасемидің айтуы бойынша, Федерика Могеринидің Теһрандағы кеңесулерінің өзегі әсіресе Сириядағы өзгерістер жөніндегі екіжақты әріптестік болып отыр.
Могеринидің Теһранға сапары өткен аптада Еуропа Парламентінің Иран мен Еуроодақ арасындағы қарым-қатынастың стратегиясы туралы құжат бекіткен жағдайда орындалып отыр.