Теһран жұма намазының құтпалары
Теһран жұма намазының құтпагері мұсылман халықтарды исламның дұшпанына қарсы бірігіп, табандылық танытуға шақырды.
Теһран жұма намазының құтпагері аятолла Мұхаммад Имами Кашани Теһран жұма намазының осы аптадағы құтпаларында: «Мұсылмандар қазіргі қиындықтар мен дағдарыстарды шешу үшін қырағылық, бірлік және біртұтастықпен өздерін жоюды көздейтін адамдарға қарсы тұруы тиіс»,-деп баса айтты.
Теһран жұма намазының құтпагері мұсылмандардың бақ-берекеге қол жеткізу үшін оянуы қажеттігін айтып: «Қазіргі таңда ислам әлемінде АҚШ пен сионистік режимнің сұрқия жоспарларын орындап жатқан Ислам елдерінің басшылары, соның ішінде Сауд әулеті бұл елдердің қатарынан шығарылуы тиіс»,-деді.
Теһран жұма намазының құтпагері, сондай-ақ, АҚШ-тың президенттік сайлауына үміткерлердің ұрандарына тоқталып: «Олар өз ұрандарында АҚШ халқының қиындықтары мен экономикалық жағдайына тоқталудың орнына Вашингтонның соғысқұмар саясатын жалғастыру туралы сөздер айтуда. Бұл саясат осы күнге дейін жапа шеккен халықтарды өлтіруден басқа нәтиже берген жоқ.
Егер АҚШ пен Еуропа елдерінің халықтары адамгершілік жолында қадам басқысы келсе, соғысқұмар адамдардың билік басына келуіне жол бермеуі керек»,-деді.
Теһран жұма намазының құтпагері Иранда АҚШ-тың тыңшылық ұясының басып алынған күнінің (3 қараша) жылдығы жақындап қалғанына тоқталып: «Бүгінде әлем елдері, соның ішінде Йемен, Сирия, Ауғанстан, Ирак пен Бахрейннің халықтары Иран халқы сияқты АҚШ-тың басқа елдерге зұлымдық жасағаннан басқа мақсаты жоқ деген нәтижеге жетті»,-деп баса айтты.