Ғасеми: Еуропа әлемдік алпауыттарға бағынбай Иранмен әріптестік жасауы керек
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы: «Еуропа елдері басқа әлемдік алпауыттарға тәуелсіз түрде Иранның банктары мен қаржы институттарымен көбірек әріптестік жасауға қажет кеңістікті қалыптастыруы керек»,-деді.
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Бахрам Ғасеми сенбі күні Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігіне берген сұхбатында Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі басшысы Федерика Могеринидің Теһранға сапарының мақсаттарын түсіндіріп: «Иран аймақтағы құдіретті ел әрі маңызды ойыншы саналады. Негізгі ойыншылардың барлығы, соның ішінде аймақтық және еуропалық елдер Иранның сындарлы рөлі мен күш-қабілетінен хабардар. Еуропа елдері қазіргі қысылтаяң шақта Сирия дағдарысы, аймақтық мәселелер мен Ирактың жағдайы жөнінде ИИР-мен кеңесуді жөн көреді»,-деді.
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы жүргізілген келіссөздер мен талпыныстардың нәтижесінде және Еуроодақтың Иранмен әріптестік жасауға деген ерік-жігерінің арқасында бұл қарым-қатынастың бөгде күштердің араласуынсыз және басқалардың қысымының ықпалында қалмай арта түсетіндігіне үміт білдірді.