Салехи: Ислам үмбеті Иранның ядролық табысына қуанышты
Иран Атом Қуаты Ұйымының төрағасы: Аймақтағы кейбір үкіметтердің Иранның ядролық жетістігіне қызғанышпен қарауына қарамастан жалпы ислам үмбеті осы жетістіктерге риза деді.
«Фарс» ақпарат агенттігінің жексенбі күнгі хабарлауынша, Иран Атом Қуаты Ұйымының төрағасы Әли Акбар Салехи Иран Телерадиосының сыртқа хабар тарататын «Саһар» әлемдік арнасының басшыларын қабылдауында: «Ислам үмбетінің Иранның ядролық жетістіктеріне қуанатын себебі олардың Иранды ислам әлемі тұрғысынан қарастыруында, өйткені Иран рационалды және нағыз исламға ие ел» деді.
Салехи Батыстың Иранның ядролық жетістіктерді бейбіт емес мақсатта қолдануы туралы қате пікіріне сілтеме жасап: «Батыстың Иранның ядро саласындағы істерін зорайтып көрсетудегі қателігі әлемнің қоғамдық пікірі алдында Иранның айбынының артуына себеп болды.
Ядролық жетістіктер Иран халқының ұлттық құдыреті мен мақтанышы және абыройының белгілерінің біріне айналды. Иран халқының үлкен қысымдар мен санкциялар және шектеулер алдындағы төзімділігі Батысты келіссөз үстеліне әкеліп, қарсыласу жағдайынан әріптестік жасау жағдайына ұластырды» деді.