Қар 02, 2016 08:42 Asia/Almaty
  • Иран мен Бельгияның сауда және индустрия саласындағы байланыстары кеңеюде

Иранның Өнеркәсіп, кен және сауда министрі мен Бельгияның Фландрия әкімшілік аймағының премьер-министрі екіжақты сауда және өнеркәсіптік байланыстарды кеңейту туралы пікір алмасты.

Иранның өндіріс пен сауда туралы ақпарат тарату арнасы SHATA-ның хабарлауы бойынша, Иранның Өнеркәсіп, кен және сауда министрі Мұхаммад Реза Нематзаде дүйсенбі күні Теһранда Бельгияның Фландрия әкімшілік аймағының премьер-министрі Гирт Буржуаны қабылдауда «Ортақ қадам» келісімінен кейінгі кеңістікте Иранда экспорт пен импортты дамыту үшін қолайлы жағдайдың қалыптасқанын баяндап: «Болат, әйнек, химия және мұнай-химия мен дәрі-дәрмек жасау бөлімдерінде екі ел қолайлы ынтымақтастық тәжірибелеріне ие. Сол тәжіриебелер күшейтілуі керек» деді.

Нематзаде аймақтың 400 миллиондық демографиясы мен іргелес елдер арасында Иранның орталықта орналасуына сілтеме жасап: «Банк аралық байланыстарды күшейту және кәсіпкерлер мен экономика белсенділерінің істерін жеңілдету үшін үкіметтердің қолдауымен коммерциялық кедергілерді жою Иран мен Бельгия бағдарламаларының басты бағдары болып табылады» деді.

Бельгияның Фландрия әкімшілік аймағының премьер-министрі Гирт Буржуа да Иранға жасаған сапарында Бельгияның 140 компаниясының өкілдері мен сауда- саттық белсенділерінің өзімен бірге келгенін хабарлап: «Банкаралық байланыстарды күшейту Бельгия үшін зор маңызға ие. Бельгиялық бір банк ирандық банктермен серіктестікті бастады» деді.

 

 

 

Тегтер