«Тыңшылық ұясының» басып алынуымен АҚШ- тың Ирандағы саясаты аяқталды
Ислам революциясының Сақшылар корпусы бас қолбасшысының орынбасары 1979 жылғы қараша айында Теһрандағы АҚШ-ның «тыңшылық ұясының» басып алынуымен осы елдің Ирандағы саясаты аяқталғанын мәлімдеді.
Иран Телерадио ұйымы ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ислам революциясының Сақшылар корпусы бас қолбасшысының орынбасары бригада генералы сардар Хосейн Салами 13- ші абан – «Оқушы» күні және Теһрандағы АҚШ- тың «тыңшылық ұясының» басып алынуының жылдығы рәсімінде: ««Тыңшылық ұясын» басып алу тек осы елдің Ирандағы саясатын аяқтаған жоқ, сонымен бірге адамзат өмірі тарихындағы бақталассыз алпауыттың сырт көзгі бос айбатын қиратты.
Бүгінде әлемдегі барлық азаптау аппараттары Америкада жасалып, өзге елдерге экспортталады. Америка адам құқығын қорғау туралы уәж айтқанымен, жыл сайын америкалық адам құқығының қарамағындағы әлемдегі ондаған мың азаттық сүйгіш адам азапталып өлтірілуде» деді.
Иран ислам революциясының Сақшылар корпусы бас қолбасшысының орынбасары бүгінде миллиондаған адамның Американың тікелей әскери араласуынан өлтірілгенін қуаттап: «Лаңкестік топтардың, соның ішінде бүгінде ислам әлемінде бүлік отының жалынын лаулатқан тәкфирлік топтардың саяси туған мекені Америка болып табылады» деді.