Теһран жұма намазының құтпалары
(last modified Sat, 05 Nov 2016 09:16:09 GMT )
Қар 05, 2016 15:16 Asia/Almaty
  • Теһран жұма намазының құтпалары

Теһран жұма намазының құтпагері Иран халқының әлемдік үстемшілдікпен күрестің ұлттық күні ауқымды түрде шеруге қатысуының АҚШ-ты түңілдіргенін айтты.

Теһран жұма намазының құтпагері аятолла Мұхаммадәли Мовахеди Кермани 13-ші абан – «Әлемдік үстемшілдікпен» күрестің ұлттық күнін Иран халқының АҚШ-пен дұшпандығының күні деп атап: "Иран халқының АҚШ-пен дұшпандығы һәм діни, һәм ахлақтық қырларға ие" деді.

Аятолла Мовахеди Кермани АҚШ-тың ықпалынан сақ болу керек екендігін, себебі Иранмен дұшпандығын ашық түрде жариялап отырған бұл үкіметтің адамгершілік қатынастың ешбіреуіне берік емес екенін ескертті.

Теһран жұма намазының құтпагері "Ортақ қадам" бағдарламасының АҚШ-тың өтірікші әрі міндеттеріне табанды емес екенін көрсеткенін қуаттап: "АҚШ-пен келіссөз жүргізу мәселені шешпейді. Америкалықтардың Иранға қайтып келуінен сақ болу керек. Бұл дұшпандықты бір мезетте ұмытпау керек. Әлем халқы да АҚШ-тың қылмыстарын ұмытпайды, себебі бұл ел сионистік режимді қолдауын бір сәт те тоқтатқан жоқ" деп баса айтты.