АҚШ-тың президенттік сайлауының нәтижелері Иранның саясатына еш әсерін тигізбейді
ИИР Президенті Хасан Рухани АҚШ-тың президенттік сайлау нәтижелерінің Иранның ішкі және сыртқы саясаттарына ешқандай әсері болмайтынын, Иранның ұстанымдарының осы ел халқының ерік-жігері мен талаптарына негізделгенін қуаттады.
Хасан Рухани сәрсенбі күні АҚШ-тың президенттік сайлау нәтижелерінің Иранның саясаттарына еш әсер етпейтінін айтып: "Иранның жұмыстары аймақтағы кейбір елдерге керісінше басқа елдердің билігінің ауысуына тәуелді емес. Олар ішкі мүмкіндіктерге сүйеніп, хикмет, абырой мен мүдделеріне негізделіп, өз жолын жалғастырады" деді.
Иран президенті сонымен қатар АҚШ-тың бұдан былай Ираннан үркіту және Иранға қарсы одақтар құру арқылы қысым көрсете алмайтынын айтып, осы сайлаудың америкалық үкімет қайраткерлері үшін парасаттылыққа негізделген іс-әрекет жасау, үстемшілік, араласушылық пен басқа елдерде соғыс тудырудан аулақ болуы үшін жағдай жасайтындығына үміт білдірді. АҚШ-тың республикашыл және демкоратиялық екі партияның айларға созылған бәсекелестігінен кейін сәрсенбі күні Дональд Трамп АҚШ-тың 45-ші президенті ретінде сайланды.
АҚШ сайлауының нәтижесі мен Дональд Трамптың жеңісінің сол елдің халқына қандай әсерлері болатындығына қарамастан, Иран халқының пікірінше, АҚШ үкіметі Ислам революциясының жеңісінен кейін соңғы қырық жылда әрдайым дұшпандық ұстанымдар білдіріп, соның ішінде, Иранға қарсы сегіз жылдық соғыста Саддам режимін қолдау және бейбіт мақсаттағы ядролық жұмыстарға қатысты әділетсіз санкциялар салу арқылы ИИР-ның даму жолына бөгет болуға күш салып келеді. Сол себепті Иран халқының есінде соңғы онжылдықтағы АҚШ-тың үкімет қайраткерлерінің саясаттарынан ащы естеліктер қалған.
Сонымен қатар, ИИР-ның халқы мен басшыларының пікірінше, АҚШ-тың саясаттары мен бұл елдің аймақтық елдердегі, соның ішінде, Сирия, Йемен мен Ауғанстандағы араласушылығы қатыгездік пен әсірешілдіктің өрістеуі мен аймақтағы мұсылман халықтардың сезімдерінің жаралануына себеп болды.
Таяу Шығыс, Парсы шығанағы, Аден шығанағы мен Қызыл теңіз маңындағы стратегиялық аймақтың тұрақсыз жағдайы, қатыгездік пен әсірешілдіктің өрістеуінен туындаған қауіп-қатерлер, Иран сонымен күресіп жатқан ДАИШ сияқты лаңкестік топтардың бұрмаланған ой-пікірлерінің таралуы АҚШ-тың аймақтық саясатын шынайы түрде қайта қарастыру қажет екенін көрсетеді.
Сол себепті Иран халқы үшін бағалаудағы маңызды критерий АҚШ-тың жаңа үкіметінің жұмысы болып табылады. Революция жетекшісі өткен аптада әлемдік үстемшілдікпен күрес күнінің рәсімдерінде айтып өткендей, дамудың ең басты жолы АҚШ-пен тіл табысу және оған жақындау емес, керісінше, ішкі күш пен әлеуетке сену және АҚШ-тың Иранға қарсы дұшпандық саясаттарының алдында қырағу болу.